Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында мопед жүргізушісі жолаушылары бар автобусқа оқ атты. Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Видео авторының айтуынша, 219-автобусқа мопед мінген ер адам оқ атып, «мені кесіп өттің» деп айғайлаған.
Қалалық полиция департаменті автобусқа оқ ату фактісін растады. Мопед жүргізушісі кім екені анықталды.
«Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ.
Мопедистің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаменті.