Блогер жүктеген видеода мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова жекесіне келген кей хаттарға жауап берген.
«Күйеуіңізді, ұлыңызды және әкеңізді тартып аламын»: мәслихат депутаты жұртты шошытқан видеосына қатысты мәлімдеме жасады
1,611
оқылды

Павлодар қаласының №8 округінің мәслихат депутаты Гүлжайна Даримованың Instagram парақшасындағы видеосы көптің ашуын туғызды. Бұл туралы қоғам белсендісі, блогер Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Маған жекеме былапыт сөздер жазып, мені «көргенсіз» деп айыптап жатқандарға айтарым «Мен сіздердің мекенжайыңызды тауып алып, күйеуіңізді, балаңызды немесе әкеңізді тартып алады деп қорықпайсыздар ма? Мен қазір сондай жастамын, мен үшеуін де оп-оңай әкетуім мүмкін. Сондықтан не болса, соны жазар алдында ойланыңыздар», – дейді мәслихат депутаты видеода.

Өз кезегінде Жан Ахмадиев қыз-келіншектерге былай дейді.

«Танысып қойыңыздар… Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова. Қыздар, күйеуіңіз бен әкеңізге сақ болыңыздар! Тартып алып кетпесін», – деп жазды блогер.

Белгілі болғандай видео 2022 жылдың желтоқсан айында жарияланған екен. Депутат ол видео үшін еш ұялмайтынын жеткізді.

«Маған ер азаматтар жазыла бастады, директке хат жазып жатыр. Сондықтан да біз дұрыс жолмен келе жатырмыз. Солай емес пе, қыздар? Мен еш уайымдап жатқан жоқпын. Маған барлық таныстарым хабарласып жатыр. Енді болған нәрсе болды. Жазылып жатқан пікірлер мен үшін маңызды емес. Менің видеомды бір «есі дұрыс емес» жариялап жіберіпті, мейлі жаман жарнама да жарнама. Маған бәрібір. Қажет болса өз мандатымнан бас тартуға дайынмын», – деді ол.