Шу өзенінде жасыл су туралы ақпараттан соң тексеріс өтті
Шу өзенінде жасыл су туралы ақпараттан соң тексеріс өтті
© Сурет ғаламтордан
441
оқылды
Жамбыл облысының Шу өзенінде әлеуметтік желілерде пайда болған жасыл су туралы ақпараттан кейін су сынамасын жоспардан тыс алу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі. "БАҚ-та және Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа байланысты, Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аумағында Аламедин және Ала - Арча өзендерінде жасыл түске боялып, Жамбыл облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалы 29 ақпанда Қайнар ауылының маңында Шу өзені суының сынамасын жоспардан тыс іріктеуді ұйымдастырды (Қырғызстанмен шекарадан шамамен 20 шақырым)", - делінген хабарламада. Қазгидрометтің хабарлауынша, Шу өзеніне көзбен шолып қарау бойынша судың түсі табиғи, бөтен иісі жоқ, тән емес құбылыстар табылмаған. Ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижелері осы жылдың 2 наурызында берілетін болады. Бұған дейін қырғыз БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, Бішкекте Аламедин өзеніндегі су жасыл түске боялғанын хабарлады.  Жергілікті экологиялық қызметтер хабарламаны тексеру үшін орнына жолға шықты. https://www.youtube.com/watch?v=1GY6beg6-kY&feature=emb_logo