Жас балуандар Еуропа жастар кубогын сәтті бастады
Жас балуандар Еуропа жастар кубогын сәтті бастады
261
оқылды
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Еуропа жастар кубогы басталды, – деп хабарлайды Olympic.kz . Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар бір алтын, үш күміс және екі қола медальға ие болды. Атап айтсақ, Мерей Марханбетов (60 келі) алтын олжаласа, Олжас Еренгибов (60 келі), Нұрайлым Сәрсебек (40 келі) және Аружан Ережепова (52 келі) «күміске» қол жеткізді. Олжас Құмар (55 келі) мен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) үшінші орын алды.