Батысқазақстандықтар 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнін ерекше көңіл күймен атап өтуде.
БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті
1,104
оқылды

Бүгін БҚО-ның әкімі "Атамекен" өнер ордасында облыстың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

 Осы мерекеге орай аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Батыс жұртын арнайы құттықтап, мерекенің салмағы туралы айтып өтті.

Атамекен өнер ордасында жиналған халықтың алдына шыққан өңір басшысы:

"Құрметті жерлестер! Бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын!

Біздің әскеріміз елдің тыныштығы мен шекараның беріктігі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Олар туралы айту, ерлігін насихаттау біздің мақсатымыз. Біздің тыныштығымыздың кепілі-қуатты армия" деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Айта кетейік, бұдан бөлек Отан қорғаушылар күніне орай қалада "Жас сарбаздар" патриоттық акциясы өтті. Акцияға жалпы саны 700-ден астам мектеп оқушысы қатысты.

Акция барысында оқушыларға ҚР әскері туралы деректер айтылып, арнайы қойылымдар арқылы әскерилердің киімдері таныстырылды.