Орал қаласында жедел жәрдем көлігі өртенді.
Емхана маңында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті
1,337
оқылды

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09.21-де болған. 

«№4 қалалық емхана маңында жедел жәрдем көлігі отқа оранды. Автокөлік газбен жабдықталған. Өрт сөндіру құралы қолданылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті 09.41-де оқшаулап, сағат 09.45-те толық сөндірді», – деді басқарма өкілі. 

Бұған дейін жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалған жедел жәрдем қызметкерлері туралы жазған болатынбыз.