Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады деп болжанады.
7 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
1,484
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жел тұрады, облыстың батысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Ақтау қаласында да тұман болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары. Қостанай қаласында да күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайтын шаңды дауыл тұруы мүмкін.  Шымкент қаласында найзағай кезінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Семей қаласында 6 мамырда сағат 21.00-ден 7 мамырдың 21.00-ге дейінгі аралығында қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланады.

6 мамырда сағат 21.00-ден 7 мамырдың 21.00-ге дейінгі аралығында Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланады.