6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов, 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақытылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.