Елордалық полицейлер қызмет бабымен қайтыс болған әріптестерінің аналарына алғыс айтты
Елордалық полицейлер қызмет бабымен қайтыс болған әріптестерінің аналарына алғыс айтты
236
оқылды
Алғыс айту күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің аналарымен кездесті, – деп хабарлайды NUR.KZ. Бүгін полицейлер Евгений Креттің анасы - Ольга Федоровна Вербинаға және Сергей Павловтың анасы Ольга Алексеевна Павлованың үйіне барды. Полиция қызметкерлері қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарын және олар жасаған жанқиярлық іс-әрекеттер туралы ешқашан ұмытпайды. Бір кездері олардың ұлдары қызметтік борышын атқара отырып, өз өмірлерін қиды. 1997 жылдың 19 сәуірінде Евгений Крета мен Сергей Павлов суға батып бара жатқан төрт баланы құтқару үшін Есіл өзеніне еш ойланбастан қойып кеткен. Олар өзенде өмір үшін алпарысып жүрген ұлдарға тез жетіп, оларды екі рет жағаға итеруге тырысты. Бірақ табиғаттың дүлей күші оларға бой бермей алты адамның өмірін қиды. ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Евгений Крета мен Сергей Павлов қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.  width= Полиция басшысы ұлдарын лайықты тәрбиелеп, олардың ерліктері мен батылдықтарына үлгі болған аналарға ерекше алғысын білдірді. Ол сондай-ақ құрметті әйелдерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға денсаулық тіледі және олар департамент тарапынан әрдайым қолдау таба алатынына сендірді.