1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 адам ұсталды
1,528
оқылды

30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері Қазақстанның өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді, – деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі. 

Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдары тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.

1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алдын алды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.