Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Өзбекстанда жеңіліп қалған беткеұстар боксшы IBA президентінен араша сұрады
10,829
оқылды

Бүгін шаршы алаңға шыққан  Сәкен Бибосынов жеңіліп, жарыстан жарты жолдан шығып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстанның Бокс федерациясы даулы жекпе-жектің ақ-қарасын ажырату үшін IBA президентіне шағымданды. 

«Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз», – деп хабарлады федерациядан.

Бұған дейін Сәкен Бибосыновтың жеңіліп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.