Қазақстан мен Қытай арасында визасыз тәртіп енгізілсе, тауар тасымалдаушылар үшін тиімді болмақ.
Қытай мен Қазақстан арасында визасыз жүйе енгізілсе, пайдасы бар ма?
3,789
оқылды

Әсіресе, екі ортада жүк тасымалдаушылар үшін қолайлы болуы мүмкін. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілінің пайымдауынша, шекарадан өту жеңілдейді. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі артады. Қазір қазақстандық жүк тасымалдаушыларға берілетін қытайлық виза саны аз. Егер жаңа тәртіп енгізілсе, бұл отандық бизнеске, оның ішінде көлік қауымдастығына үлкен қолдау болады.

«Қазір нарықта көлікті «шекарадан өткізіп береміз» деп, қызметі үшін 300-400 мың теңге талап ететіндер де бар. Бірақ олар өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінбейді. Көлік жолда қалса, тауарға жауап бермейді. Қарапайым жүргізуші қажетті құжаттарды дер кезінде рәсімдей алмай қалатын да жағдайлар бар. Сондықтан, визасыз тәртіп енгізілсе, әуелі логистика жұмысы жеңілдейді. Жүк тасымалдаудың құны арзандайды. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым ұлғаяды», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әмрин.

Бұған дейін екі ел арасындағы визасыз режим туралы хабарлаған болатынбыз.