«Дәрігерлер құтқара алмады...» – танымал актер ауруханада қайтыс болды

Актер ерекше рөлдерімен ел есінде қалды.

Ел арасында «Убойная сила» телехикаясындағы рөлімен көпшілікке танылған актер өмірден өтті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Известияға» сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік актер Александр Тютрюмов 64 жасында көз жұмды.

 

"Бесінші арнаның" мәліметінше, актердің қызы әкесі сирек кездесетін ауруға шалдыққанын айтқан. Бірақ ауырғанын ешқашан айтпаған. Бүгін таңертең Санкт-Петербургтағы ауруханаға жеткізген. Алайда ауруы асқынған актерді дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады. Актердің артында жары, екі баласы мен немерелері қалды.  

Ол «Убойная сила», «Агент национальной безопасности», «Бандитский Петербург», «Крот» және өзге де телехикаялар арқылы көпшіліктің көзайымына айналды.