«Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны аталған кезеңнің басында Қазақстанның оңтүстік, орталық аймақтарына ашық және жауын-шашынсыз күн райын әкеліп, өз әсерін сақтайды. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылау процесі жалғасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады», – деді синоптиктер.