Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан кейінгі кезде Instagram-да өз фотосуретімен заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоты тарап жатқанын жазды.
Павлодар облысының әкімі Instagram-да "заңгерлік кеңес беріп" жүр
1,356
оқылды

"Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай заңгерлік кеңес бермеймін. Сондықтан, мен заңгерлерге осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым. Инстаграмда осындай жарнама кезіктірген жазылушыларыма ол жарияланымға шағым жасауын сұраймын. Сіздерге осындай көмек үшін алғыс айтамын", – деп жазды ол.