Облыста Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара стелла маңында өтті.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бастаған ардагерлер «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды
1,567
оқылды

Мерекелік кешке жиналғандар дәстүр бойынша сұм соғыста қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейін жиналғандар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Сол жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Соғыс салған жара аға буынның жанында әлі бар. Біз ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып отыруымыз керек. Арамызда жүрген ардагерлерімізді ардақтау, олардың ерлігін насихаттау біздің міндет»,  деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиұлы.

Бүгінде  БҚО бойынша 16 ардагер қалған. 

Бүгінгі мерекелік шараға қатысқандары да, денсаулығына байланысты қатыса алмай отырғандары да бар.

Айта кетейік, жалпы қала бойынша «Бауырластар зираты», «Қазақ халқының даңқты қыздары», Г. Жуков, Т.Масин ескерткіштеріне де гүл шоқтарын қою рәсімі жүрді.