Салтанатты рәсім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы күні өтті.
Мәжіліс Төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
2,313
оқылды

Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. 

Іс-шарада Палата Спикері, Парламенттегі саяси партиялар фракцияларының басшылары мен қала тұрғындары соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кету керек, соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды, олардың жартысы елге оралған жоқ. Көптеген қазақстандық соғыста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Солардың бірі – қазақ халқының даңқты қызы, мерген Әлия Молдағұлова. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.