Күдікті 8 мамыр күні сағат 16.40 шамасында Атырау қаласындағы көшелердің бірінде қолға түскен.
Тұрақты мекенжайы бойынша тінту кезінде полиэтилен пакетке салынған ұнтақ пен асүйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленген.
–Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Күдіктіні Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.
Баян Жанұзақова