Қызылорда қаласында «КамАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімі бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтановтың айутынша, кінәлі жүргізуші ұсталды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан жолаушы әйелдің қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.