Заң жобасын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ратификациялады.
Католик шіркеуіне қызмет ету үшін Қазақстанға келген адамға тұрақты тұруға рұқсат беріледі
1,145
оқылды

Католик шіркеуінің мүшелеріне төлем қабілеттілігін растаусыз Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат етіледі. Бұл туралы Aikyn.kz Мәжілістің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл мүмкіндік католик шіркеуінің кез келген субъектілеріне қызмет ету үшін ұзақ уақытқа шетелден келген дін қызметкерлеріне беріледі. Бұл мәселелер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақтың арасындағы қатынастар туралы келісімге Қосымша келісіммен реттеледі.

Құжат төлем қабілеттілігін және тұрғылықты жерін растауға қойылатын талаптарды католик шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемесіне ауыстыруды қарастырады. Заң жобасын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ратификациялады.

 

Фото: Серикжан Ковланбаев