«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер болжамынша, алдағы күндері елімізде қатты жаңбыр жауып, күн айтарлықтай суытады.
«Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын оңтүстік циклон айқындайды, соған байланысты республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкн», - делінген хабарламада.
11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
«Республика бойынша температуралық фон төмендейді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсіл жүруі ықтимал. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 градус жылы болады», - делінген хабарламада.