Шекара жабық деп, азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады – Бақыт Сұлтанов
Шекара жабық деп, азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады – Бақыт Сұлтанов
Фото: Интернеттен алынды
280
оқылды
Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатқан жоқ, – деп жазады «Қазақпарат».
«Тұтынушыларымызға өтінішім бар. Қазіргі уақытта бірқатар тауар сатушылары Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп, азық-түліктің бағасын көтере бастады. Осыған орай Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл – тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Сол себепті, бағаны көтереді», – деді ол.
Министр халықтан базарларда немесе сауда орындарында алдын ала сөз байласып, бағаны көтерсе 8 (7172) 75-16-32, 8 (7172) 74-98-32 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінді. Айта кетейік, біз бұған дейін «Алматыдағы «барахолкада» тауар таусылып, сауда тоқтап жатыр» деп жазған болатынбыз.