Алматы облысында бүтін бір отбасынан айырылған әйелдің жағдайы белгілі болды. Жалғыз тірі қалған науқастың денсаулығы жақсарып келеді.
«4 мамыр күні 1985 жылғы науқас Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасына түсті. Жағдайы өте ауыр болды. Жүргізілген емнің нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып келеді. Жансақтаудан жалпы бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда», – делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүтін бір отбасының 5 мүшесі белгісіз заттан уланып, қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Мерт болғандардың ішінде әкесі және 4 баласы бар. Ал жалғыз өзі аман қалған әйел қазір ауруханада жатыр.