«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Бюросының келісімі бойынша филиалдың атқарушы хатшысы қызметіне Азамат Сафималиев тағайындалды.
«AMANAT»-тың БҚО филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
1,287
оқылды

«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Бюросының келісімі бойынша филиалдың атқарушы хатшысы қызметіне Азамат Сафималиев тағайындалды. Оны ұжымға «AMANAT» БҚОФ төрағасы Мұрат Мұқаев таныстырды.

Мұрат Мұқаевтың айтуынша, партияның облыстық филиалының алдында бірқатар маңызды міндет тұр. Олардың қатарында партияның аумақтық филиалдарының жұмысын жандандыру, өңірлік сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру, азаматтармен кері байланысты күшейту, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық фракциялары жұмысының тиімділігін арттыру жұмысы бар.

Азамат Сафималиев 1979 жылы туған. Атырау мұнай және газ институтының, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі. Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды атқарды. 2017-2023 жылдар аралығында Жәнібек ауданының әкімі болды.

Айта кетейік, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында 2021-2022 жылдары өңірде 1 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызылып, 400 шақырымға жуық автожол салынды және жөнделді, заңсыз бөлінген немесе игерілмеген 112 мың гектардан астам жер мен жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды, 16 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 25 балабақша ашылды, 14 спорт нысаны пайдалануға берілді және тағы басқа жұмыс атқарылды.