Қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.
«Қазақтың Ломаченкосы» қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты
1,343
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмуд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға жолдама алды.

Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Махмудтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Махмуд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.

Енді А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.