Партияның Ақмола об­лыстық филиалы жанындағы MIRAS қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өңірдегі мәдени нысандар­дың құ­рылысы мен күрделі жөндеу барысы, тарихи мә­дени ес­керткіштердің қазіргі жай-күйі сөз болды.
MIRAS-та мәдениеттің мәселесі қаралды
1,361
оқылды

Облыстық Мәдениет басқар­масы басшысының бөлім жетек­шісі Дина Бейсембаеваның мәліметінше, соңғы 3 жылда рес­публикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 4,8 млрд теңге бөлініп, 1 мәдениет нысаны салынып, 78 нысан жөн­делген. Зеренді мен Астраханка­дағы аудандық мәдениет үйлері жөндеуден өткен. Былтыр ұзақ уақыт бойы пайдаланусыз тұрған Ерейментау ауданындағы Новомарков және Зеренді ауда­нындағы Айдабол ауылдық клуб­тары, Баратай ауылында жеке тұрғын үйге жөндеу жүргізіліп ауыл­дық клуб ретінде пайдалану­ға берілген. Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу және Аршалы ауданының Тургенев ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жүргізілген. 

Биыл Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінің, Аршалы кентінде және Жібек жолы ауылында демалыс орталы­ғының, Сандықтау ауданы Бал­кашино ауылындағы, Аршалы кентіндегі аудандық мәдениет үйі ғимаратының, Астрахан ауданы­ның Новочеркасское ауылында, Степногорск қаласының Қара­бұ­лақ ауылында, Бұланды ауданы­ның Никольское және Возне­сенка ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталмақ. 

Өңірімізге белгілі ірі тұлға­ларға ескерткіштер орнатылып, бірқатар музейге реставрация жүргізілген. Ал тарихи мұраны қорғау және пайдалану ор­талығы­ның директоры Жаслан Укеев ай­мақта жүріп жатқан археоло­гия­лық қазбалар мен тарихи ке­сенелердің жай-күйін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

MIRAS қоғамдық кеңесінің мүшелері оқушылар арасында ескерткіштердің танымалды­лығын арттыру, оқушыларды кі­тап оқуға баулу мәселесін кө­теріп, мәдениет саласы қызмет­кер­лерінің жалақысының төмен екенін алға тартты. 

«Оқушыларды кітап оқуға баулу, тарихымызды білу, ұлттық сананы қалыптастыру жолында мәдениет қызметкерлерінің үлесі ерен. Ал бүгінде кітапханашы, археолог, музей қызметкері сияқ­ты мамандықтардың мәртебесін көтеру – алдымен олардың жа­лақысын көтеруден басталады. Мә­дениет саласы қызметкер­ле­рінің жалақысын көтеру – уа­қыт күттірмейтін мәселе», – деді қо­ғам­дық кеңес мүшесі, белгілі актер, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық дра­ма театрының директоры Жарас Қал­даров. Мәселенің өзектілігі­мен келіскен қоғамдық кеңес мү­­ше­лері бірқатар ұсынысты жи­нақ­тап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ