Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық төлемеген азаматтардың жалпы қарызы 27,9 млрд теңгеге жетті.
Көлік салығын төлемегендердің жуырда банктегі есепшоты бұғатталады
2,141
оқылды

26 мамырдан бастап 1 АЕК-тен (3450 теңге) аса берешегі бар борышкерлердің тізімі сот орындаушыларға жолданады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заңнамаға сәйкес, олар банктегі есепшот пен мүлікті бұғаттауға құқылы. Тұрғынның қарызы 40 АЕК, яғни 138 мыңнан асса, елден шығуына тыйым салады.

Салық төлемегендер сот орындаушыға қызметі үшін жалпы қарыздың 25%-ын төлейді.

Салық бойынша қарыздың бар-жоғын e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.