Доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңге болды.
Доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттады
1,421
оқылды

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңге болғанын мәлімдеді.

 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен сағат 12:00-де төмендеп, 64 теңге (-0,22) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,67 теңге, рубль бағамын 5,82 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-447 теңге, еуро 485-492 теңге, ресей рублі 5,65-5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.