Жарыстың жабылу салтанатына «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев арнайы қатысып, жүлдегер жас шабандоздарды жеңістерімен құттықтап, алда өтетін жарыстарға сәттілік тіледі.
Аламан доданың ақтық сынында Түркістан облысының «Тұран» командасы мен Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы кездесті. Жамбылдық шабандоздар қарсыластарын 13:4 есебімен жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.
Ал, чемпионаттың қола жүлдесіне Шымкент қаласы мен Атырау облысының командалары таласты. Шымкенттік команда атыраулықтарды 6:1 есебімен жеңіп, «үздік үштікті» қорытындылады.
Жарыс жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар, арнайы кубок және медальдар мен дипломдар табысталды.
Айта кетейік, аталмыш чемпионатты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен ҚР «Көкпар» федерациясы ұйымдастырды.
Ал, жарыстың Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылады.