Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркістан облысында ұсталды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.
Есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Өзбекстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың жолын кесуге және қылмыскерлерді, оның ішінде іздеуде жүргендерді ұстауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді. Кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау жұмысы жүріп жатыр», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.