Бес бөлмелі жеке тұрғын үй өртенген.
Павлодарда өртенген үйден 11 жастағы баланың мәйіті табылды
921
оқылды

Павлодар облыстық ТЖД-нің мәліметінше, бүгін сағат 02.03-те Успен ауданы Галицкое ауылында жеке үй өртенді. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жартылай қираған шатырдың ағаш бөренелері жанып жатқан. Үйдегі тұрмыстық заттар, жиһаздар өртенген. 

Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыды. 4 адам өз бетімен далаға шыққан. 1986 жылғы үй иесі №1 Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Өртті сағат 03.52-де оқшаулап, 04.40-та сөндірді.

Өртті сөндіруге 3 техникамен 7 қызметкер, сондай-ақ 101 және 103 қызметі жұмылдырылды. Өртенген үйден 2012 жылғы ер баланың мәйіті табылды.

Оқиғаның мән-жайын мамандар анықтап жатыр.