Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі тасымалдамақ болған.
Есірткі басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген. Бұл туралы Aikyn.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМА Астанадағы департаментінің қызметкерлері есірткі тасымалын жіті бақылап, заңсыздықты әшкереледі. Есірткінің жалпы салмағы – 500 гр. Сараптама кептірілген марихуана екенін анықтады.
Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берді. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Оларды уақытша ұстау изоляторына қамады.