«Қазгидромет» синоптиктері 13-15 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады
2,231
оқылды

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады. 

15 мамыр түнде республиканың шығысында жауын-шашын жаууы мүмкін. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда, 14-15 мамырда республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Демалыс күндері күн суытады. 

14-15 мамырда ғана еліміздің солтүстік жартысында түнде 1-3 градус аяз болады. Республиканың оңтүстік облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.