Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 48 келі салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай финалға шықты.
Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Ширек финалда Санжар Тәшкенбай жапониялық Казумо Аратакені жеңген еді.