Солтүстік Қазақстан об­лысында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту бас­­талды. Жыл соңына дейін ауылдардың 10 мыңға жуық тұрғыны өз қаржысын сауатты басқаруды үй­ре­неді.
Қаржыны басқаруға баулиды
1,008
оқылды

Жоба Halyk Bank-пен бір­лесіп «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асуда. Ол халықтың қаржылық сауат­ты­лы­ғын арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде кредиттер бойынша қарыздары бар және ықтимал мерзімі өткен ауыл тұрғындары білім алуда. Сон­дай-ақ жобаның шарттарын мем­ле­кеттен жеңілдікті кредит­тер ал­ғысы келетін ісін жаңа бас­таған кәсіпкерлер де пай­далана алады. Оқыту бағдарла­масы қаржылық жоспарлау және бюджетті бас­қару бойынша кеңес беруді де қамтиды. Оқыту тегін, осы жыл­дың соңына дейін жалғаспақ. Мамыр айында жоба Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағ­жан Жұма­баев, Қызылжар және Мамлют аудандарында бастал­ды. Бола­шақта жобаға басқа аудандар да қосылмақ. Тренинг­тер 5 күн ішінде өтеді, әр топта 30-дан 50-ге дейін адам оқиды.

«Біздің идеямыз – азамат­тар­ды өз қаржысын тиімді бас­қаруға және шығындарын жос­парлауға үйрету. Жоба оларға қарыз жүктемесін қалай жеңіл­детуге болатыны туралы прак­тикалық кеңестер алуға көмек­теседі. Со­ны­мен қатар азаматтар қаржы­лық проблемалардың қалай пай­да болатынын, алаяқ­тық әре­кеттерді қалай тануға болаты­нын біле алады», – деді «AMANAT» партиясы СҚО фи­лиалы төрағасы Әсем Рахметова.

«Қарыз­сыз қоғам» жобасы қа­­зіргі уақытта еліміздің 8 өңірін­де жүзеге асуда. Олар – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маң­ғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Бағ­дарламаны толық қаржы­лан­дыруды Halyk Bank өз мойнына алған. Оқу барысында борыш­керлерге тегін заң көмегін көр­сету жоспарлануда.

Нұрлан ҚОСАЙ