Бүгінде әлемдегі 8 млрд адамның 4,9 мил­лиар­ды, яғни 61 пайызы әлеуметтік же­ліні қолданатынын білесіз бе? Желілердің ішіндегі ең танымалы Facebook болып тұр, оның қол­данушыларының саны – 2,95 млрд адам. Одан кейін­гі орындарда – Youtube пен Whatsapp, бұлар­дың әрқайсысын 2 млрд-тан астам адам қолданады.
Жаһанды жаулаған желілер
1,855
оқылды

Statista ұйымының мәліметінше, 2027 жылға қарай әлемдегі әлеуметтік желі қолдану­шы­лары­ның саны 5,85 млрд адамға жетуі мүмкін. 

Қазіргі күні Facebook – қолданушыларының са­ны жөнінен ең үлкен әлеуметтік желі. Оны 2,958 млрд адам қолданады. Одан кейінгі орындарда – Youtube (2,5 млрд адам) пен Whatsapp (2 млрд адам).

Әлемдегі барлық әлеуметтік желі қолданушыларының ең көбі, яғни 26 пайызы Шығыс Азиядан екен. Ал юзер саны жөнінен бірінші орында – Қытай (1 млрд 2 млн адам), екінші орында – Үндістан (755 млн адам), үшінші орында АҚШ (302 млн адам) келеді. 

Орташа есеппен адамдар күніне 2 сағат 35 минутын әлеуметтік желіде өткізеді.

Әлеуметтік желілердің ішінде ең қарқынды дамып келе жатқаны – TikTok, соңғы екі жылда АҚШ-та оның қолдану­шы­ларының саны 2 еседен астам – 105 пайызға өскен.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ