Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпио­на­ты­ның жартылай финалында қа­зақстандық бес боксшы сын­ға түседі. Олардың алға­ш­қы­лары сәтті өнер көрсетіп, фи­нал­­­­ға жол­дама алды.
5 жүлдеден үміттіміз
1,391
оқылды

Атап айтсақ, кеше Санжар Тәш­кен­бай финалға шықты. Қазақ­стан­дық боксшы 48 келіге дейінгі сал­мақ­та Ресейдің төрт мәрте чем­пио­ны Эдмонд Худоянмен қолғап түйіс­тірді. Тартысты өткен бәсекеде Сан­жар басым болды. Есеп 5:0, Санжар Тәш­кенбайдың пайдасында. 

Ізін суытпай жеңісті жолды Мах­мұд Сабырхан жалғастырды. Ол жар­тылай финалда әлем чемпионы, ку­балық Йосвани Вейтиямен жұды­рық­тасты. Бірінші раундта бес төре­ші түгел қазақстандық боксшы ба­сым деп тапты. Екінші кезеңде төр­­­теуі Махмұдқа ұпай берді. Қоры­тын­ды есеп – 5:0.

Жартылай сыннан сүрінбей өт­кен­дердің қатарын Дулат Бекбауов то­лықтырды. Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта грузиялық Лаша Гурулимен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңде төрешілердің бәрі Дулат басым деп тапты. Екінші раунд­та да солай болды. Қорытынды есеп – 5:0, жекпе-жек Дулаттың пай­да­сына шешілді.

Боксшыларымыз осы қарқы­ны­нан таймаса, Ташкенттен алтын то­лы қоржынмен қайтуымыз әбден мүм­кін. Бокс туралы жазатын шет­ел­дік Tooslick222 Twitter аккаунты Қа­зақстан әлем чемпионатында қан­ша алтын медаль жеңіп алаты­ны­на болжам жасапты. Шолушы­ның пікірі бойынша, Қазақстан құрамасы бұл тартысты бәсекеде екі ал­тын медаль жеңіп алады. Ал олар­дың иесі Санжар Тәшкенбай (48 ке­лі) мен Махмұд Сабырхан (54 ке­лі) болады деп атаған. 

Бет қатталып жатқанда: 

71 келі салмақ дәрежесінде сынға тү­сіп жатқан ұлттық құраманың ка­питаны Асланбек Шымбергенов жар­тылай финалдық бәсекеде үндіс­тандық Дев Нишантты 3:2 есебімен  жеңіп, ақтық жекпе-жекке жолдама алды.Сондай-ақ 80 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Нұрбек Орал­бай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Имам Хатаевты 4:0 есебі­мен жеңіп, ақтық сынға жолдама ал­ды. Осылайша, кешегі күн қазақ бок­сының жарқын болашағын көр­сетті.

К.ЕСІМ