Бас қаладағы басты мәселе де кезең-кезеңімен шешімін тауып, құрылысы ұзаққа созылған үйлердің қатары жыл санап азайып келеді. Мәселен, соңғы екі айдың ішінде 6 тұрғын үй қолданысқа беріліпті.
Қала әкімі үлескерлермен кездесті
814
оқылды

Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үйлердің саны қысқарып, үлескер саны анағұрлым азаймақ. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу барысында айтты. 

Елордадағы проблемалы үйдің жағдайы әртүрлі. Бірінің тек шұңқыры ғана қазылса, екіншісінің қаржылық аудит, жобалық-сметалық құжаттары толық емес. Бұдан бөлек бір пә­терлерді алаяқтар бірнеше қожа­йынға сатса, қаңқасы тұрғызыл­ған кейбір үйлер апатты күйде болатын. Қазір әкімдік ұзаққа созылған мұндай нысандардың құрылысын басты назарда ұстап отыр. «Зере-2», «Араби 2 - Грани­тный 2», «Мирный дом», «Кор­гал­жинский квартал» секілді құ­­рылысы ұзаққа созылған проб­ле­малы нысандарды аралап шық­қан шаһар басшысы олар­дың әрқайсысының өткен тари­хы әртүрлі екенін жеткізді. Олар­дың арасында өз пәтерін 10 жыл­дап күтіп жүрген тұрғындар да бар. Сондай-ақ кейбір нысан­дардың құрылысы кестеден қа­лып барады, ал енді бір жерінде құры­лыс сапасына көңіл толмай­ды. Сондықтан құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескер­лерімен кездесіп, мән-жайды түсіндірген қала әкімі:  «Осыдан үш жыл бұрын қалада 16 мыңдай үлескер болған. Қазір олардың үштен екісі тиесілі пәтерлерін алды. Өкінішке қарай, «Фемида» тұрғын үй кешені сияқты құқық белгілейтін құжаттары толық берілмеген нысандар бар. Сонда биылға шамамен 3,6 мың үлескер қалып отыр. Олардың бәріне жыл аяғына дейін үйлерін салып, кілттерін табыстауымыз керек», – дейді.

Өз кезегінде құрылыс салу­шы­лар­дың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылып, құры­лыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауды ойластыру маңызды. Өйткені өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандар жайлы баспанада өмір сүріп, ертеңгі өмірінің жарқын боларын сезіну қажет. 

Ж.МҮСІЛІМ