Көпшілікті өзінен 18 жас кіші сүйіктісімен таныстырған Шахизада жас әнші Ерболат Ержанбаевпен қазіргі арақатынасы туралы жасырмай айтты.
Ерболат мені ұрған жоқ - Шахизада өзінен 18 жасар кіші сүйіктісі жайлы
4,525
оқылды

“Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат – жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті. Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған да, соққан да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік", - дейді Шаһизада.

Бұған дейін танымал әнші көпшілікке сүйіктісін көрсеткен еді. Ал күні кеше Ерболат Ержанбаев ел-жұртты үш баласының анасы, келіншегімен таныстырып, бірге түскен суреттерін жариялады.