Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды. 102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.
Оралдық қыз бала көпқабатты үй төбесінен секірмек болды
1,684
оқылды

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.

Қазір жасөспіріммен психологтер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.