Кенияда діни рәсім құрбандарының саны 201 адамға жетті. Мұнда олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өлуге бекіген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кенияда діни рәсім жасап, орман ішінде өз-өздерін өлтіріп жатқандар саны 200-ден асты
1,295
оқылды

Аймақ билігінің хабарлауынша, Шакахол орманынан халықаралық "Қайырлы хабар" шіркеуінің ізбасарларының тағы 22 мәйіті шығарылды. Бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны 201-ге жетті.

Қазір Кенияның барлау агенттіктері орманның қалдықтары мен ықтимал тірі қалғандары үшін зерттеуді жалғастыруда. Сонымен бірге жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Еске салсақ, бұған дейін Кенияда “Ізгі хабар” сектасы тұрғындар миын улап тастағанын хабарлаған болатынбыз. Салдарынан олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өліп жатыр. Ал олардың миын улап тастаған Пол Макензи Нтенге бұған дейін де бірнеше рет діни экстремизмге қатысы бар деген күдікпен айыпталған.