Шымкентте қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 11 тонна дизельдік отын сақталған жерасты резервуарына найзағай түсті. Стансада түтін шықты, – деп хабарлайды қалалық ТЖД.
Шымкенттегі жанармай құю бекетіне жай түсті
3,229
оқылды

Шымкент қалалық ТЖД «101» кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 12 мамыр күні сағат 18.57-де жанармай бекеті резервуарына найзағай түскені хабарланған.

«Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран ауданында «Ладушки» дәмханасының маңындағы TS жанармай бекетінде болған. Сыйымдылығы 23 тонналық жерасты резервуарында 11 тонна дизельдік отын болған. Оған найзағай түсіп, түтін шыққан. Өрт шықпаған, оның алдын алу мақсатында цистерналарға көбік шашып, салқындатқан. Сағат 19.10-да осы резервуарға көбік шашу жұмысы аяқталды. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнында Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 13 адамы мен 2 техника жұмыс істеді.