Қызылорда қаласында оқыс оқиға болды.
14 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті
1,931
оқылды

Сырдария өзенінің Қызылорда тұсында 14 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне шақырту түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Хабарламада сағат 13.00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол рұқсат етілмеген жерде суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде, сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты», – деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.

Былтыр қалада 12 адам суға кетіп қаза тапты. Оның ішінде 6 бала бар.

Бұған дейін Түркістан облысында 11 жастағы қыздың суға кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.