Биыл жолдама саны көбейді.
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
2,093
оқылды

Баспана алу үшін үміткерлер 31 мамырға дейін өтініш береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

20 жұмыс күн ішінде жоғары бал жинаған алғашқы 1000 адамға жолдама беріледі. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының, журналистер, құқық қорғау органдары мен ғылыми-зерттеу орталықтары және ЖОО қызметкерлері қатыса алады. Биылдан бастап қатарға қалалық коммуналдық шаруашылық мамандары қосылды. 

Өтінім берушілер AlmatyZhastary.kz сайтында құжат тапсыру кезіндегі көп қателік жібереді. Мәселен, саласын дұрыс таңдамайды, үйі жоқ деген анықтаманы «Қазақстан бойынша» деп алмайды және ЖОО қызметкерлері мектеп және колледждерге арналған «Білім» саласын таңдау арқылы қателік жасайды. 

24.kz-тің дерегінше, биыл бәсеке жоғары салалар үшін тағы 100 жолдама қосылды. 

«Биыл жоспар бойынша 1100 жолдама беріледі. Жылда мың болатын. Одан бөлек қосымша 100 үміткерге қосымша қаражат бөлініп, 50-і мұғалімдерге, 50-і денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне бөлінеді. Жыл сайын осы саладан өте көп өтінім келіп түседі», – деді Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Азат Исламов.

Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасына бөлінетін қаражат көбеймейтінін хабарлаған болатынбыз.