Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездесті.
Жеңіс Қасымбек: Құрылысы созылған нысандарды назарда ұстаймыз
710
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып баратыны, енді бірі  құрылыс сапасы көңілге қонбай жатқанын айтты. Бұл жайында әкім Instagram парақшасында да жазды.

«Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар.

Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», – дейді елорда әкімі.