Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр – туған күнінде жұмыс істейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды.
"Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ-тан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамырды жұмыс кестесіне сай өткізеді", – деп жазды Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
Сондай-ақ бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталатыны хабарланған.
"Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", – деп атап өтті Руслан Желдібай.