2024 жылы Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев айтты, – деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
"Мен Қазақстан сияқты мықты бокс шеберлері бар жерде IBA ірі турнирінің өтетініне қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткен", – деді Умар Кремлев Ташкентте (Өзбекстан) өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінде.
Сондай-ақ ол жарыстың жүлде қоры 2 есе өскенін атап өтті.
"Бірінші орын алатын боксшыға 200 мың доллар береміз. Жалпы жүлде қоры – 4,8 млн доллар. Бұл сомаға ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына тиесілі 10% кіреді. Мен чемпионатты асыға күтемін. Келесі жылы боксшыларды Астанада қарсы аламыз", – деді IBA президенті.