Оқыс оқиға Шымкент қаласында 8 шағынаудандағы балалар ойнайтын алаңда болған.
Бұл туралы Aikyn.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ойын алаңында кішкентай қыз темір шарбаққа қысылып қалған аяғын кері шығара алмай қалған. Құтқарушылар оқиға орнына барып, гидравликалық құралмен темір шарбақтың арасын ашып, қызды құтқарды. Дәрігерлерің көмегі қажет болмады. Мамандар қызды ата-анасына тапсырды.
Бұған дейін құтқарушылар басына кастрюль кептеліп қалған баланы аман алып қалған еді.