15 мамырда Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрынғы әкімге қатысты сот үкімі шықты.
Ақмола облысында құқық қорғау органының қызметкеріне пара берген экс-әкім сотталды
898
оқылды

Шортанды ауданы кентінің әкімі лауазымды тұлғаға пара бергені үшін сотталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша депараментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 мамырында Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрынғы әкімге қатысты сот үкімі шықты.

«Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц.Мәмбет орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.