Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды.
Жетісу облысында 3 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 72 жастағы әжей ешкім ойламаған жерден табылды
7,595
оқылды

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен қарт әйел ескі әскери полигонның жанынан табылды,   деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.


Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. 13 мамырда үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды.

Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адамды тартты. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды.

Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін туыстары оны үйіне алып кетті.